Posted in

КӨК ІШЕК

Көктемгі мал ашыққан қысыл-таяң уақыт. ~ Ал Рекең елдің жақсы- жаман көруін елеп- ескермейді. Әсіресе көктемнің көк ішек, күздің тоқты тоймас жүдеу бүрсең кезінде, өз үйінде күтімі болмаған шақта, әр үйдің түтінін аңдиды. Т.Рыск. ~ Онан соң бұлардың былтыр күзде, малдың шелді кезінде, семіз ауыз уақытта қасарыса қалып, енді мынау көкек айында, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілуге таяған шағында, жағдайсыз бір мезгілде, көк ішек уақытта, ойда жоқта түсінен шошып оянғандай мезгілсіз бір тұста той жасауға зорлап отырғанына қам жеп, ренжіп отырған да Сақан емес. Гап басқада. Ж.Сәм.