Posted in

КӨК НАЙЗАНЫҢ ҰШЫМЕН, АҚ БІЛЕКТІҢ КҮШІМЕН

Не нәрсені де қан төгіскен соғыста жеке басының ерлігімен, қару-жарақ пәрменімен (жеңіп алу). ~ Қастың аты қас, сенің дос емес екеніңді Ташкент құшбегі білмей ме, басыңды име. Одан да өз керегіңді өзің көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен тартып ал. І.Ес. ~ Бір кезде көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен Шыңғыс жаулап алып беріп кеткен көл-көсір қонысты маңғұлдардың қол астына қытайтекті боп кеткен Құбылай тұқымы емес, әу бастан-ақ төрліктен жөргек, ерден жастық бұйырған жоңғарлар ғана қайтарып бере алмақшы. Ә.Кек.