Шиеттей жас балалар. * Ауыл күрсінеді. Күрсініп жүріп қыбырлайды. Әр ауылдан 5, 6, 7, 10 шақты азамат кеткелі жатыр. Өңкей көк өрім, көген көз, жанмен жан асырап жүрген сорлылар. Ж.Айм. * Осынау сұмдық рас боп Туған жерден топырақ Қалармысың бұйырмай, Көк өрім, өңшең көген көз. І.Жанс. * Кеш сайын шайға шақырады. «Ет дегенде бет бар ма» дегендей, көк өзек көген көздер кейде екі-үштен, кейде төрт-бесеу боп үйіліп-төгіліп жетіп барады. Т.Сәу.
