Posted in

КӨК ТИЫН ЖОҚ

Дәнеңе де (бір тиын да) жоқ д.м. * Отағасы, саған ұятты болатын түрім бар, – деді аспай-саспай, жайбарақат отырған қалпы. – Менің қалтамда көк тиын ақша жоқ. О.Сәрс. * Жомарттықты тұсаулау қандай набыт. Үнсіз қалдым. Қалтамда нақ сол сәтте Көк тиын болмай қалып. М.Шах. * «Саған көк тиын да жоқ»,— деп ақырды нағашысы. «Қазір де, мен өлгеннен соң да саған көк тиын тимейді. А.Кристи.