Posted in

КӨКЕЙІН ӨРТЕДІ

Өзегін өртеп, ішін жегідей жеді, күйіндірді. ~ Бірақ оның миында тап қазір “арлан”, “бұралқы” деген сөздер бірін бірі алмастырып, көкейін өртеген ыза- уытын күшейте берген, күшейте берген. Ә.Тар. ~ … тізеден келген белдемшесі, мәрмәр мүсін тіп-тік аяқтары, жүрек көзі бітеу тоңмойынның да сезімін тірілтіп, көзіне от жағып, көкейін өртеген ынтазар құмарлықтың нәпсісін оятқан. АҚ. “Дара сезім”. ~ … “бұл бірер тал қауырсын тауып әрлесе, менен әлдеқайда көрікті болып кетер” деп ойлап, күншілдік көкейін өртейді. ҚЕ.