Ұғынықты қып айтты, қайта-қайта түсіндірді., миына құйды. * Сол шақта тағы бір қызық ойды соншалық көрікті етіп, Самарбайдың көкейіне қондырып айтыпты: “Өмірдің әр демі сондай қымбат, – деп келіп, – бірақ не шара! Созуға да, тоқтата тұруға да, “өтпе”, “бітпе” деп өтінуге де жол жоқ! М.Әуез. * Меніңше әрбір шаруаның көкейіне құятын бір ой бар. Ол колхоз табысты болатын болса, оның өзі, әлгі шаруаның өзі қандай болатынын жеткізе білген жөн. Шаруаның көкейіне осындай бір сәуле құйылмаса, бәрі бекер. С.Бақб. * … жұмаққа кіріп кетіп, мұндағы бала-шағаңды, бізді, мені тарс ұмытып, сонда күнібұрын қалып қойма! – дедім, көне кейіпкерімсіз тірлігім көктемейтінін көкейіне құйып. Ғ.Қабыш
