Posted in

КӨКІРЕГІ (КӨҢІЛІ) АЛАБҰРТТЫ

Қобалжыды, толқыды. * Сэр Роберт таң бозынан оянып алды, әлдебір қуанышпен көкірегі алабұртып оянды. Шалқалаған күйі керіле есінеп, түңлігі түрілген шаңыраққа қарады. Т.Сәу. * Совхоз орталығына екі- үш қонғаннан кейін- ақ жігіттің іші пыса бастайды. Көңілі алабұртып, қайтқысы келеді. С.Ас. * Көлбасына келсем, – дейді қыз,— көл толқып жатыр екен. Көлге қарап отырып толғандым, көңілім алабұртты. ҚЕ. * Көктем лебі соғып, жанға шуақ сыйламақшы болғанымен көңілім бұлтты күндей алабұртты да тұрды. О.Саб.