Posted in

КӨКІРЕГІ ДАРИЯ

Көрген-білгені көп, көкірегіне түйгені де мол. * Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылдарының өміріне куә болған, көкірегі дария қарттармен көбірек сұхбаттаспаққа ұмтылушы едім. Н.Үрк. * Жас кезінен-ақ небір аузы дуалы билер мен көкірегі дария-даңғыл қарияларды көріп өскен Сәңгіл ел жағдайымен қатар, мал шаруасына да бекем болыпты. Н.Елм. * Арғы жағын сұраспай, Сөзді бердік кәріге. Көкірегі — дария, Жан екен бір шежіре. С.Мәул.