Posted in

КӨКІРЕГІНДЕ САҢЫЛАУЫ БАР

Сауатты, білімді, тереңнен ойлай алатын, саналы адам туралы. * Хат танитын ғана шала сауатты болғанмен, көкірегінде саңылауы бар, әр нәрседен хабардар Оспан көп ұзамай-ақ оны игеріп кеткен. С.Жүн. * Әзірге әкесінің бір сиырына жыл сайын зауал боп тиіскені болмаса ол да белгісіз… Әйтеуір, баранка мұның маңдайына жазылмаған кесіп… Әйтеуір кеуілінде бір үміт, көкірегінде бір саңылау бар. Қ.Ысқ.