Posted in

КӨКІРЕГІНЕ ҰЯЛАДЫ

Санасына сіңді, жадында сақталды. ~ Тек аспаннан жұлдыз көрінсе болды, азаптан азат боламыз деген сенім баланың көкірегіне қатты ұялап қалды. Ш.Айт. ~ Ұзын мойыны мен мамық құйрығын бірдей көтеріп, таңы жарқылдап, қап-қара табанын аппақ қарға жанай тастап зулап өте шыққан сұлу хайуанның ішіндегіңді сұрамай біліп бара жатқан ақылды көзі мұның көкірегіне мәңгі ұялап қалғандай. Ш.Айт.