Posted in

КӨКІРЕГІНЕ ШЕМЕН БОП ҚАТТЫ

Естен кетпес болып сақталған, жүрегін ауыртып, жанына тыныщтық бермейтін қайғы, қасырет хақында. ~ Қаншама ырым болса да шешесінің қызына бұлай айтуы ауыр ғой. Кім біледі, көкірегіне шемен боп қатқан қайғыдан күйіп бара жатқан соң, айтатын шығар, тазы ашуын тырнадан алады деп өзекке тепсе де кетпейтін қызына шүйілетін болар. Д.Дос. ~ Әлі де көзінде мұң, көкірегіне шемен боп қатқан шер бар. Жаны жаралы, жүрегі жырым-жырым. Д.Рам. ~ Бойдан қуат, білектен күш қайтып, тіршіліктің әсіре қызыл өткіншілігіне ой зерделеткен шағында көкірегіне шемен болып қатқан қасіреттің ең зоры – баласыз, алды-артының тұлдырлығы екенін аңғарған жайы бар. А.Сей.