Posted in

КӨККЕ КӨТЕРДІ (ЖЕТКІЗДІ)

Абыройын асырды; құрмет-қадірін аспандатты. ~ Ақсүйек, дворяндар қара халықпен сүйкесуді бойына қорлық, намыс көрді. Екінші жағынан арыс – патшасын құдайдан жаман әспеттеп, көкке көтерді. Ж.Айм. ~ Жігіттердің бәрі мені көкке көтере мақтады. Бар күшіңді салып еңбек еткенде мақтап, арқаңа қаққанда көңілің көкке жеткендей болады екен, апа. С.Жүн. ~ Айтқаным айдай келді, Самат Қалиевич жүрісті атпен жасады. Ыстық мәңгіртіп, ақыр аяғы қырқысуға шақ қалған төртеуміздің төбемізді екі-үш ауыз сөзбен көкке жеткізді де тастады. М.Қаб.