Posted in

КӨКПЕН ТІРЕСКЕН (ТІРЕСТІ)

Өте биік, еңселі, аспанға тиіп тұр. * Көкпен тірескен кәрі көз Алатаудың ақ бауыр ұлпа бұлттар үлбіреп тіл қатқан-дай болды. Ә.Шәр. ~ Бір шаңды бір шаңға қосқан топ-топ ат шашып жіберген құмалақтай үздік-создық қылт-қылт етіп шыға беріп еді, біраздан соң балқыған қаңылтырдай бата берген қызыл күнді көкпен тірескен қою алапат тозаң басып, тұмшалап, түк көрінбей кетті. С.Жүн. ~ Көкпен тіресіп биіктеп кеткен қызыл жалынның ұшар басына майлақы қара мұнар тұра бастады. Ә.Кек.