Posted in

КӨКТЕЙ СОЛ! (СОЛҒЫР)

Жасыңа жетпей өл, қыршыныңнан қиыл д.м. қарғыс. ~ Уа, аузың желкеңнен шықсын… Ждақай! Көктей сол! Көктей солғыр! — деп Жамал бәйбіше жерді төмпештеді. С.Елу. ~ Тым болмаса мен сияқты себеп- сылтауы жоқ елін сатқан жанның жолдасын да ойланбай сатарын білсем керек еді ғой. Бәрібір көктемессің, көктей солғыр! К.Сег. * Қаратай Бәйтеннің артына тығылды. ─ Осы жаныңды шығарайын ба, көктей солғыр! – деді Ұрқия кіжініп. Т.Әбд.