Өте кең, мол, шалқып жатқан. * Астана төріндегі даланың кеңдігін ойлады, ұлтының көл дариядай пейілін таразылады, ұлы ұстаздың өлер алдында өсиет қып жазып қалдырған бес-алты ауыз өлең жолын күбірлеп қайталады. Д.Дос. * Есіктен шығып бара жатып Есбол атасының үйіне ақырғы рет бұрылып қарады. Күн жаққа қараған жалғыз терезесі бар, бас-аяғы бір бөлме. Бірақ есесіне, көл-дариядай кең. Ә.Нұрп.
