Posted in

КӨЛГЕ БІТКЕН ҚҰРАҚТАЙ

Көзге түсетін көркем көріністің сипаты. ~ Тыңда: мына біздің дала, өзіміздің осы Тайпақтан бергі дала, анау Қашарсойғаннан
арғы, Шалқарға шейін, бір жағы Сабындыкөлге шейін жайылып жатқан жалпақ дала машинаға лық толады, егін көлге біткен
құрақтай осы алқапты тұтас алып жатады. Х.Ес. ~ Құлағыңа болайын, Көлге біткен құрақтай! Қабағыңа болайын, Қара
албасты қабақтай! “Ер Тарғын”. ~ «Он бестегі жасым-ай, Жарда ойнаған лақтай. Жиырмадағы жасым-ай, Көлге біткен
құрақтай. Отыздағы жасым-ай, Таудан аққан бұлақтай. Копен Амирбек.