Бөгде сөз, бос әңгіме. ~ Ол қатынымен мəз жауап та қатпады, тек оқта- текте күзгі безгектен сақтанып, өлі су ішпе деген тəрізді, болмаса палауға бəлендей шөп салса дəмді болады деген тəрізді, көлденең сөзбен күн өткізіп жүрді. Ж.Айм. ~ Әлі де қуаты кіріп болмаған ол, ақырын және тоқырап сөйлегенмен, терін сүрте отыра, көлденең сөздерді араластырмай, тура ұсынысын сөйледі. С.Мұқ. ~ Ал жоба жайын бастай беріп едім, басекең: «Көлденең сөз тыңдап отырар уақытым жоқ, көрдің ғой анталап отырған жұртты, тоқетерін айтсаң»… — деп қадалып болмады. С.Шай.
- Өсек, алып-қашпа сөз. ~ Бірақ келе-келе әйдік әншінің құлақ құрышын қандырар үніне құмартқан ел көлденең сөзді ұмытқан. С.Жүн. ~ …Кешкі шай көлденең сөз, артық әңгімесіз ішілді. М.Қаб.
- Қарсы пікір, келіспеушілік, ғайбаттау. ~ Иіліп жастық, жатып төсек болдық. Қолдан келгенше сыйлап бақтық. Тіпті мал базары мен толкушкаға апарайық деп те ниет білдірдік. Бірақ Сақып жеңгей екеуің «мал таңсық па бізге! Барокла деген ауылда да бар. Театрларыңды көрсетіңдер дедіңіздер ғой. Сонда да бір көлденең сөз айттық па? Қабақ шыттық па? С.Шай. ~ Бұралық сөз бұтыма, көлденең сөз көтіме (мәтел) .
