Posted in

КӨЛДЕНЕҢ ТАБЫС

Негізгі жұмысынан бөлек, қосымша пайда көзі. ~ Содан бері маған жатар орын болған бұл әбдіреге тәу баста пәлендей көңіл бөле қоймап едім. Көлденең табыстан түскен басы артық ақшаға дүкеннен сатып алған кәліпкі мүлікке санап едім. С.Ом. ~ Сапашта қосымша табыс жоқ, айлығы санаулы, ал жас келіншектің жеке өзіне талай дүние керек. Сондықтан Бек шешесіне білдірмей оған да артық-ауыс бідеңе беріп тұратын. Бұл үшін күні-түні еңбек ету керек еді… Бәленің бәрі сол «көлденең табыстан» басталған. Б.Таб. ~ Жаздың ұзақ күнінде үйден шығып, көлденең табысқа аттанбаса, Ажыбек пен Нұрбек те, қыс қылаң берген соң, ағаларының үйінен алыс кетпейтін. Т.Рыск.