Көңілі бос, табансыз, қара басының пайдасын күйттеуге бейім. ~ Күнікейдің ерлігіне апасы өңін бұзғанмен, көмейі бос: өзіне тартқанын, бозбаланың көз салғанын бір есептен теріс те көрмейді. Ж.Айм. ~ Бұл тәжірибелі жігіттерді қойсаңызшы, олар көмейі бос басшылардың көбін-ақ баурап, қолға оңай түсетін заң қызметкері болса, олардың тамағынан да бірдемені жылп еткізіп өткізіп жіберуге әзір тұрады. Б.Қыд. ~ Гүлханым енді біледі Елінің қылған кеңесін. Көмейі бос бұл жалған Разылық бергендей, Бұдан артық не десін? “Еңсегей бойлы ер Есім”. ~ Сөйлестім. Дәл айтуға менің де батылым жетпеді, оспақтап айтқаныма түсінген – түсінбегенін шамалай алмадым, басы жұмыр пенде емес пе, көмекейі бос сияқты. С.Мұқ. ~ Бұйырып, шындап айтқан болады. Бірақ арғы көмекейі бос, Күлімбала сызылып: – Сонда не жұмыс бересің? Б.Соқп.
