Posted in

КӨМЕЙІН БІЛДІРДІ (ТАНЫТТЫ)

Түпкі ойын жеткізді. ~ Анау- мынау нәрсе емес, адам өлімі. Тексерусіз қалып барады, — деп Балта өз көмейін білдірді. С.См. ~ Келісімен-ақ Нұрым асты-үстіне түсіп: — Тақсыр, мынадай бір мүскіліміз болып тұр. Сәті болып жазылып қалса жанымнан өзге қалағаныңыз сіздікі, – деп, арғы көмейін білдірді. С.Тор. ~ Бірде, бойдақ кезінде, бұған әзілдеп отырып, «Сен ғой қәзір жүктісің. Өзі жүкті әйел басқа еркектен тағы жүкті болмайды. Сондықтан екеуміз неден қорқамыз? Түнде келейін бе,» – деді әзілмен болса да көмейін танытып. Бұл үндемеді. Б.Нұрж.