Жүректегі уайым, көңілдегі қаяу. ~ Бота көзі мөлдіреп, құшақ жая қарсы ұмтылған Мәдемі көңіл кірбіңін жуып-шайып жіберді. Неткен бақыт! Н.Сам. ~ Мұңлық көңілімдегі кірбіңді көзімнен танытып қоймайын дегендей жанары тайсақтағанмен Ботабекті сыр бермей, бұрынғыша ашық – жарқын қарсы алды. Н.Сер. ~ Кейде дастарханда бірге отырмайды. Көңілдегі кірбіңді білгісі кеп Зәуре ана: – Жанарың солғын, біреу ренжітті ме сені? Не болды қалқам? – деп сұраулы жүзбен қарады. Ә.Ысқ. ~ Бір-біріне сезімін арнап, сырын шертер іңкәр жандардың оңаша мекені, куәгері болар, бұл ақ қайың?! Қайтсем, адамдар көңіліндегі кірбіңді сергітем деп тұр ма екен әлде? Ә.Ысқ.
