Posted in

ҰРШЫҚТАЙ АЙНАЛДЫРДЫ

Алдап-сулап, айтқанына көндірді.

  • Жігіт біткенді көзінің құйрығымен ұршықтай айналдырып қойған Лененің өнеріне қатындар сүйсінеді, қатты ұнатады, еркектер мұның арты қан болмай тарамас деп ішінен түршігеді. Ж.Айм.
  • — Өй, қойшы. Мен онымен сөйлесті ғой дейсің бе? Тері – терсек жинап, ауылға келіп-кетіп жүретін. Әйімхан дейтін жақын жеңгем бар еді. Шығаннан шыққан жылпос. Қайдан тапқанын, сопы тауып алыпты. Сол Әйімхан күндіз – түні басымды ұршықтай айналдырып, қалай тиіп қалғанымды өзім де білмеймін. Б.Соқп.
    ~ Осы мезгілде, баяғы атажұрттан көшкен босқын елдің жолында өлі ананың емшегін кергілеп еміп жатқан Жолдыбай жиырманың үстіндегі атпал азамат болған. Сол тентек бұл күндері ауыл жігіттерін ұршықтай үйіріп, иірімінен шығармайтын. Т.Рыс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *