Posted in

ШАБЫНА ОТ (ШОҚ) ТҮСКЕНДЕЙ БОЛДЫ

Оқыс ашуланып, зәрін төкті. ~ Сол мұң екен, Абыралының шабына от түсіп, шала бүлінді. Еш жүйесіз, қисынсыз быдыңдап, кәсіподақтың тура қарағайдай мүйізіне жармасты. М.Қаб. ~ Бисараның химия пәні бойынша жетекші мұғалім екенін есепке алды ма, әлде жалғыз бастылығын ескерді ме, ғылыми мүдір бұған алты сағатты артық бөліпті. Орынғайшаның талағын тарс айырып, шабына шок түсірген – сол сағаттар. Қ.Жұм. ~ Мына сөзге Айтқалидың жүрегі шым етіп, шабына от түскендей шамданып қалды. Сазарып қоштаспаған күйі шапшаң бұрылып атына мінді де, шапқылай жөнелді. Ә.Асқ. ~ – Сені сүймейді! – деді Артур шабына шоқ түскендей жер тепкілеп. – Сен просто алаяқсың! Оны алдағансың. Т.Сәу. ~ Қатты сынға ұшыраған Зейін Шашкин мен Темірғали Нұртазиннің повестері еді. Темкең үндемей құтылды. Қалғандары шабына от түскендей мөңкіді. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *