Posted in

КӨҢІЛ АУДАРДЫ

Назар салды, ынта қойды. * Үй шаруасынан басқа көп нәрсеге көңіл аудара бермейтін қызыл шырайлы апасына көмектесіп, қолғабыс жасауға бейім. Т.Нұрм. * … ал Мақым шалға шұрылдап самаурынның шүмегінен құйылса болғаны, басқа ештеңеге көңіл аудармастан тершіген маңдайын орамалымен сүртіп қойып, әлгі жылы суды да рақаттана отырып сораптай түседі екен. С.Мұр. * Ауыл адамы табанынан таусылып жүрген тосын келген мүсәпір-мүскін адамға ерекше көңіл аударды. Б.Қыд.