Posted in

КӨҢІЛ ЖЫҚПАС

Бір-бірінің айтқанын жерге қалдырмайтындай сыйлас адамдар туралы. * Әйтеуір көңіл жықпас көп құрдас-құрбымның бірі ғой дейтін сияқты. М.Сүн. * Нағанай желке тұсынан қылқылдап қояр емес, үгіттейді, жалынғандай болады, қайтсе де шалды тойға алып кетпек.– Мақұлбектің көңіл жықпас адамысыз… Доскей ойын бөліп, жалғыз ауыз сауал берді. Д.Дос. * Есіркеген сыртқа шығып, ағайын-туыстарының үйлеріндегі өзге серіктерімен ақылдасып еді жас шіркіндер көңілдерін жықпас құрбы-құрдас тауып алған
ба, тегіс осы ауылда бір түнеп кетуді мақұлдады. І.Ес.