Posted in

КӨҢІЛ КІРІ

Жүрекке түскен қылау, көкейде қалған өкпе, реніш. * Осы жолы Үлкен Кісі екеуінің арасындағы әлдеқандай көңіл кірін жуып-шайып, жүзін жылытып алатынына құйттай да күмәнданбап еді. Ә.Нұрп. * Елтайдың пайымынша, еңбек адамдары бір беткей. Жұмысқа кіріссе, тас-талқанын шығарады. Көңіл кірін ашуға келгенде де барынша шынайы, мейлінше ақ жарқын. М.Қаб. * «Көңіл кірі айтса кетеді!» дегендей, киім тігу мен үй шаруасынан басқаны білмей өтем бе деп жүргенде осылай ашық сөйлесіп алғанын көңіліне тоқ санады. Б.Тоғ. ~ Енді ойласам алдамшы жалған. Көңілдің кірі айтса кетеді, көйлектің кірі жуса кетеді. Көкейдегі сырыңды, іштегі шыныңды айтып шешіліп отырсың ғой. Сенен жасырған дүниені қайтейін. Ағаңның басынан да көп нәрсе өтті. Ж.Шәк.