Posted in

КӨҢІЛ РАЙЫ

Адамның жан дүниесі, ішкі сезімі, көңіл-күйі. ~ Сөйткен жағасы жайлау, төсі қыстау Кенесары күрт өзгерді. Төренің көңіл райының құбылғаны түрінен сезіліп тұр… І.Ес. ~ Құлжатай, Кенебай, Денебай, Шұңбай, Шаңбат атты үзеңгілес достары Құндақбайдың көңіл райын оның қияпатындағы осындай өзгерістерге қарап танитын дәрежеде еді. Ұ.Досп. ~ Сараң қимылы, жұмыла біткен жіңішке еріндері, аз сөйлеп, көп тыңдайтын адамды сездіреді. Егер тұлғасына, көңіл райына қарасаң ішінде тұнып жатқан үлкен ақыл, бұлқынып сыртқа шыққысы келген жігер барын ұғасың. І.Ес.