Көңілі суыды. ~ Сөзімде қата болса сөкпе, халқым, Әшейін айтып өттім сөздің салтын. Тұрған соң көзің көріп қиянатты, Тартады уайымдап көңіл салқын. М.Дул. ~ Жұрт жиып Бағлан айтты: Елім – халқым, Інгенім қайымады, көңіл салқын. Әулие көп ауызы, не айтасыңдар, Барлар жан бар ма ішінде мұның парқын? І.Жанс. * Алғашқы рет болыс мінезін ұға алмағандай болып таңданды да, көңілі біраз салқын тартып мұздаңқырап қалды. М.Әу. * Кім білсін, көктемгі шытымыр мұз сияқты о да біртін-біртін еритін болар. Салқын тартқан көңіл мен сезімге жылы да жарасымды ынтымақ сәулесі түсер… Т.Берд.
