Іштей риза болды; көңілі толды. ~ Ақбілек: «Мен де сенің жолыңа жаным құрбан дегендей салалы, оқ кірпігін салмақпен қағып, майы жылтыраған қара көзін бір төңкерді. Екеуінің де біріне-бірі көңіл тойды… Ж.Айм. ~ Жаураған жанға жылу көп, Шаттыққа көңіл тойды ма? Жанары шоқтай сұлу боп, Кірдің бе бәлкім қойныма? Н.Айт. ~ Мұндағы көңіл тойдырарлық бір нәрсе ─ қар суымен егілген жоңышқа қаулап өсіп, бойлап қалыпты С.Шайм.
