Түсінбеді, ұқпады; қабылдай алмады. * Жоқ, бәйбіше, бұл ақылың менің көңіліме қонбай тұр. Ертеңгі күні Мырзағара тағы бір бөлік малымызды менікі деп айдатып алса, оған да көнуіміз керек пе?! – деп Бөлен ызғарлана түсті. Ә.Шәр. * Өз басына келгені болмаса, бөтен кісінің басына келген ауыртпалық пәле болып көрінбейді. Оның тартқан қасіреті көңіліне қонбайды, сезіміне сіңбейді, тіпті ұғылмайды. М.Әу. * Мұғалімнің айтқан әңгімесінің көбі көңіліне қона бермейді. Өңшең бір кішкентай балаларды алдарқататын өтірік әңгіме сияқтанады да тұрады. Ә.Кек.
