Posted in

КӨҢІЛГЕ (КӨҢІЛІНЕ) ҚОНДЫ (ҚОНАҚТАДЫ)

Жөн санады; ұғынықты болды; бірден ұқты, қабыл алды; келісті, дұрыс деп тапты. * Шыңғыс әулетінен басқа әулетке күйеуге шықса – «қатын» аты жойылып, «қара шаңырақтан» айырылады, монғолдарға сөзі өтпейтін болады» – деген туған ағалары Жыға мен Меңді-Өрліктің уәжі көңіліне қона кетеді. Т.Жұр. * Фиби бұл жолы қарсы уәж айтқан жоқ. Көңіліне қонатын ой айтылса, үнсіз отырып қалатын осындай әдеті бар. Д. Сэл. * Осы күпті ойдың көңіліне қонақтағаны сол, көз алдынан бірінен-бірі өткен сұмдық елестер көшті. Құлағы жаңғырып, шыңғырған, күңіренген айғайға толды да кетті. Т.Сәу. * Жігіттердің қазіргі бет алысы көңіліне қонып тұрған-ды. Көзі ішке сүріне-қабына кіріп келе жатқан түйме көзге түсті. Ә.Нұрп.