Реніш тудырды, қапа қылды. ~ Содан бері Машановтың мерейі тасып жүр еді. Тек жайлауда өткен кездейсоқ бақытсыз жағдай көңілге аздап көлеңке түсіргендей болды. Қ.Жұм. ~ Алтай сапарынан сәттi оралып, көңiлге көлеңке, көзге құрт болып түскен аңыз Қараны әкелiп, белдеуiне байлады. К.Сег.
КӨҢІЛІНЕ КӨЛЕҢКЕ ТҮСТІ (ТҮСІРДІ)
Көңілі қалды, қабағы түсті, ренішті болды.. ~ Жұрт жамырап, көңілдерге көлеңке түскенде Орақтың өзгеше бір жарқылдауын қайтерсің. Жайшылықта көп сөйлемейтін момын енді жайраңдап күліп, жарқын – жарқын сөйлеп: – Ой, Жәке – ай, бір біз емес, барлық елдің басындағы нәрсе, сасатын не бар, – дейді. Қ.Ысқ. ~ Мақпал кінәлі ме, жоқ, болмаса жалғыз ауыз сөзге бола өзімнен өзім күмәнданып, қыз көңіліне көлеңке түсірдім бе, осы екі арасын айыра алмай, дел- сал болып біраз жаттым. Қ.Қаз
