Ұғынықты, түсінікті; ұнамды; жағымды; ойдан шығарлықтай. * Жәрмеңке бағасы көңілге қонымды. БАҚ * Орман іші сыңсып тұрған құс, сусылдап тұрған жапырақ, жүгірген аң, мөлдіреген жеміс. Сұлу сала — Еділ саласы. Көзге толымды, көңілге қонымды сала! Х.Ес. * Қазақ тілін байытуға ана сөзінің қосқан үлесі аз емес. Ана деген сөздің араласуымен құлаққа жағымды, жүрекке жылы, көңілге қонымды, ойыңды тербейтіндей, сезіміңді қозғайтындай, тәтті, дәмді, нәзік, әдемі, көркем сөздердің жасалғаны рас. Ж.Баб. * Бірақ бұл ойын ол сыртқа шығармады, өйткені Нұрбектің де осындай бір көңілге қонымды мықты дәлел тауып айта алатынына оның күмәні жоқ еді. Т.Әбд.
