Posted in

КӨҢІЛІ АҚ

Адал, ақ ниетті, ойында арамдық жоқ. ~ …«бұл біраз күн ермек қылып, жолға тастап кетпей ме» деген ой оқта-текте суық жыландай оратылған уақыттар да болған. Бірақ Әлидің көңілі ақ, жүзі жарқын, адастырмас деген адал сезім жеңе берді… Б.Тоғ. ~ Үстері былғаныш болды, аяқтан сыз өтті, кеудені оқ тесті — сонда да жаны таза, көңілі ақ қалпынан жазған жоқ. Халықтан айналайын, бәрін көтерді! Б.Тоғ.