Posted in

КӨҢІЛІ АЛАСҰРДЫ

Дегбірі кетіп, мазасызданды, жүрегі тулады. ~ Қыз бен жігіт, Айсыз түн. Бұдан артық не керек? Сонда тіл қата алмасы — хас масқара емес пе?! Жігіт көңілі аласұрады. Ж.Нәж. ~ Содан өзі сауда жасауға емес өмірінің бір маңызды шаруасын тындыруға кетіп бара жатқандай көңілі аласұрып таңға көз ілмеді. С.Досж. ~ «Маған қайдағы бала, тағы байға тимесем…» – деп көңілі аласұрып кең төсегіне сыймай таң атырды. С.Досж. ~ Әлі үн жоқ, жалғызын сағынып аңсаған көңілі аласұрып алданғанын сезер емес. Ә.Әб.