Місе тұтпады, менсінбеді, көңілі толмады. ~ Ана жақтағы орыс байлары мен татар байларының тірлігін көргесін бе, осынау кең даланы жайлаған керенау, кердең қазақ байларына бұның сірә да көңілі бітпейтін. Ә.Нұрп. ~ Бақан жігіт күнінде көрген қыз атаулының танысын көз алдынан өткізіп отыр. Олардың бәрі де ши борбайлау көрініп, көңілі бітпейді-ақ. М.Сүн.
