Әлденені уайым қып, жылағысы келді. Көңіліне кірбің түсті, мұңайды, жыларман болды. * Барақот үстіндегі күйші салдаттардың сыбызғысы сыңғырлап, дабылдары дүмпілдеп, түтіктері күрсілдеп екпінді маршқа екілендіре басқаны Ақбілектің көңілін де босатқандай, тамырларын желпіндіре: солқылдатқандай болады. Ж.Айм. * Ақан үні дірілдеп, көңілі босай қоштасты да, біз көзімізді бір-бір сығып тастап, шыға бердік. Қ.Шабд.
- Молдабек атасынан біржола айрылғанын енді анық сезгендей көңілі босап, мұрны пырсылдап қалғаны. Т.Нұрм. * Шөке кешкі жатар алдындағы мәкен шешейдің ағасының әңгімесінің төркінін енді білді. Деседе бөкенің иегінен атқан оқтың миын шашып кеткенін көріп, көңілі босап кетті. Б.Жұм. ~ Баянбаева шәкіртіне қарап күлімсіреді. Көңілі босады. Бірақ Баянбаеваның дәл қазір босансуға қақысы жоқ еді. Ғ.Қож. ~ Әкесінен бөлінген соң Әлдиханның көңілі босады: “Қартайып қалды ғой. Жаңағы сөздері сүйегімді сырқыратты”, ― деп. Қ.Қаз.
