Posted in

КӨҢІЛІ ДАУАЛАМАДЫ

Батылы бармады, жүрексінді. ~ Жерде жатқан конвертті алуын алса да, бірден ашып оқи қоюға көңілі дауаламай, мамасына үнсіз қарай қалды бала. М.Әбд. ~ Ешқандай құмырсқа илеуін қопарып, қарақат жеуге немесе шымды аударып, тоңқаңдап жүрген семіз доңыздардың бірін тасада тұрып шыңғыртып басып қалуға – ешқайсысына да көңілі дауаламады. Қ.Сег. ~ Содан кейін бірден барып, келіншегінен кешірім сұрауға көңілі дауаламады. Ә.Тар. Талғатты бауырына тартып иіскегісі келген. Бірақ оған да көңілі дауаламады. Ө.Кәр.