Posted in

КӨҢІЛІ ЖАДЫРАДЫ (ЖАДЫРАҢҚЫ БОЛДЫ)

Бойын қуаныш биледі, шаттанды, мәз-мейрам күйге түсті.~ Нұрлан енді сүйсіне қарады. Сыздап, мазасызданып тұрған қолы толас тауып, көңілі жадырады. З.Шаш. ~ Сонымен екеуміз де институттың маңайына жұмысқа кіріп, отбасымызға құт қонып, балалардың көңілі жадырап қалды. С.Досж. ~ Қалың тұман сейілгендей, бұлт арасынан жарқырап күн шыққандай, қалың жаңбыр жауып өткен соң тазарып қалған аспандай көңілі жадыраңқы, кеудесі кем жаны тап- таза болып оянды Ә.Тар. ~