Ұғымпаз, еті тірі, түсінігі мол, көңілі сергек адам туралы. ~ Көңілі жүйрік Таңсыққожа, Сегіз Мақпал қыздың жағдайын айтқан соң – ақ, аржағын түсінді. З.Шүк. ~ Жас кезінде қалаға кетіп, бай саудагерлердің қолында жалшылықта жүріп, етінің тірілігімен көзге түсіп, талайды аузына қаратқан, көңілі жүйрік, ойы сергек, ойын-сауық десе жанын салған сері жігіт болыпты. С.Мұр. ~ Байбол. Ұяң деме, ұятты де. Әйел баланың көңілі жүйрік, тілі қысқа болғаны артық. Ә.Тәж.
