Ұнатты, ниет етті, аңсары ауды. * Сосын ештеңе ойымда жоқ: «Бозбаласыз ғой, мына тарамысты айырып бересіз бе?» – деп едім, төмен қарап қып-қызыл болып кетті. Неге ұялғанын білмей өзім жаман қызардым… Маржан. Саған көңілі кетіп жүрген ғой. Б.Май. * Рақмет… Тағы да… Маған көңілі кетіп, аңсары ауғанымен, мен көз салмаған әйелдер мақұрым қалғанына өкініп жылар. Соларды жұбатыңдар. М.Кәр. * Құлайғырдың пейілі ашық бұзылып, шеріктің мойнындағы су жаңа, әдемі, сары ауыз мылтыққа көңілі кетеді. Ж.Ахм. ~ Осы маңға жиі келгіштеп жүретін солардың бір жас жігіті Сусарға көңілі кетіпті. Көп кешікпей ел арасында қыз бенен жігіттің кездесіп жүргені туралы лақап тарайды. К.Жүн.
