Риза болмады; көңілі толмады. * Өріске кетсе, қашан үйге жетіп Хансұлудың әсем түлғасын өз көзімен көргенше көңілі көншімейді. Басына сан-сапалақ ойлар кіреді. С.Елу. * Бірақ, өмірінде дүдәмал, дүмбілез нәрсені итіндей көретін Кусковтың бюродан шыққасын көңілі көншімеді. Т.Әбд. * Әсіресе өз төңірегіндегілердің көкірегіндегісін әбден ақи-тақи бәрін біліп алмай тұрып, көңілі көншімейді. Ә.Кек. * Әншейінде қыздың көрпесін түні бойы қымтап, әлсін-әлсін сипалап, аймалап шықпаса көңілі көншімейтін. Со күні кежегесі кейін тартып жібермеді. Ж.Нәж.
