Posted in

КӨҢІЛІ КӨТЕРІЛДІ

Қуанды, шаттанды, мәз болды. * Алда-жалда осындай бір көңілі көтерілген кездерде әңгіме бастай қалса, оның: — Е, жарайды, не істесең де өзің біл. Г.Сейіт. ~ Қарабұлақ басындағы əйел атаулының көңілі қарыс көтерілді. Ж.Айм. * Сабақ оқудың өзі қызық ойын сияқты білініп, оқыған сайын өрге тартқандай көңілі көтеріле түсетін жақсы оқушының қасиеті сол жаз менен тым аулақта қалды… Қ.Шабд.