Posted in

КӨҢІЛІ ҚАЙТТЫ

Қапа болды, тауы шағылды. ~ Албырт мінез, ыстық сезіммен кеп жұлып алып, төсіне қадайын десе, онысы тікенді роза гүлі болып шығады. Қолын қанатады. Содан барып беті қайтады, көңілі қайтады. С.Шай. ~ Сол сараң Көкше: «Егер тым ұсақ үгіп оңайлықпен таптырмасам, алтынды іздеушінің көңілі қайтар» дегендей, кейде кесек алтынын да кездестіріп қояды. С.Мұқ. ~ Қайғыдан әбден көңілі қайтып қалған Жаннат, ақырын жымиды. І.Ес.