Posted in

КӨҢІЛІ ҚАРАУ (ҚАРА)

Пиғылы теріс, ниеті арам. ~ Болдым жақ қайда жүрсем махаббатқа, Күндеске болмай пұрсат өшігуге. Өмір түз, түздің жолы тарау- тарау, Тосады тоғысардан көңілі қарау. Т.Әл. ~ Үлесіп үй басына жеді пара, Сырты ақ, залымдардың көңілі қара. Хұлһуми пәк дұғагөй азғаннан соң Ақыры мұндай болды халық бейшара. Майлықожа. ~ Нұрмамбеттің бір сөзіне қосылам. Құн төлегеннің өзінде Сарбағышты қазақ ішіне қалдырмаймыз. Өйткені көңілі қараның көңілінде қайғы тұрмайды. Сондықтан ондай адам өкінбейді де. Ж.Ахм.