Posted in

КӨҢІЛІ ҚҰЛАДЫ

Ұнатып қалды, ықыласы түсті. ~ Ол Эдуардқа көңілі құлап жақсы көргендіктен көмектесті ме, әлде өзінің ішкі принциптерін орындау үшін – ғылым алдындағы азаматтық борыштарының бірін өтеу үшін көмектесті ме, ол арасы беймәлім… Т.Әбд. ~ Жаңаның аты жаңа, жастың аты жас. Оған көңілі құлап, көз тастамаған адам болмайды. Жаңа дегеніміз – жаңалық, жас дегеніміз – жасампаздық! И.Сап. ~ Бала мұғалім, – деді маған, – балдар сені жақсы көріп қалыпты. Әсіресе, біздің Саржан. Әнебір жылдары мұғалімін жамандап келуші еді. Қазір көңілі құлаған. Оқуға зейін қоя бастады. Н.Сер. ~ Бала тоңқ еткізіп кеңірдегін шертті. Әулие баланың жағдайын түсініп, ішінен күрсінді. Бір түрлі көңілі құлап тұр. Т.Сәу. ~ Қарабасқа Кіші жүздегі Жаппастың Сары деген атақты байының қызы Қиялдының, Қиялдыға Қарабастың көңілі құлапты. Ә.Кек.