Көзі ашық, көңілі сергек; терең ой қорытып, пайымдай алады. * Қасиетті осы жерге келген көңілі ояу адамдардың үндемей қалатын себебі де сол Айша Бибі үнін тыңдағандықтан болса керек. С.Шайм. * Жоқ, Бағданның таласқысы келді ең алдымен «жады», «жадында» сөзі дұрыс емес. «Көкірегі», «көңілі» ─ деген жөн. «Көңілі ояу», «көкірегі ашық» деген бар емес пе. С.Шайм. * Той иелері, әсіресе, Жүсіп қарт құрмет тұтатын көңілі ояу жігіт көрінеді. М.Сүн.
