Хош көрмеді, көңіл қошы болмады. * Әй, неғып тұнжырап отырсың? – деп балуан дауысын көтерді. – Немене, маған еріп жүруге көңілің соқпай отыр ма? Құдай куә, осы күні менің ешкімге зияным жоқ. О.Сәрс. * «Елуден асқанда… Қыз емес, кемпір алмақ па екен, Ақан?» -деді өзін-өзі мұқатып. – Қыз Төресі – Жамал. Енді қайтіп, басқаға көңілім соқпас. А.Алт. * Ау, сонда жалғыз Хансұлу дәмегөй қалың бозбаланың қайсы біріне жетеді? Не көп, осы елде қыз көп. Солардың біреуіне неге көңілі соқпайды? С.Елу. ~ Ойын- сауық тұрмақ, ашылып күлуге де көңіл соқпаған. Т.Рыск.
