Ықылассыз, қызығушылығы жоқ. ~ Қазір жас ұлғайды, өткен-кеткен еске түседі. Отанға бір кісідей еңбек сіңірдік қой. Отқа да, суға да түстік. Бірақ соның бәрінен көңіл сырғақ. Түсімде ылғи сол баяғыдай, қара ат мініп, қараңғы түнде сені алып қашып бара жатамын… Т.Сәу. ~ Бағана ат үстінде табысқан еріндердің шырын дәмі таңдайынан кетпей тамсанған екі жас қайта ұшырасар оңтайлы сәтті тағатсыздана күтіп еді. Болып жатқан думан-тойға көңілдері сырғақ, топпен бірге билесе де, ойын ойнаса да алыстан бірін-бірі көздерімен іздеп, жаутаңдай қарасумен болды. Т.Сәу.
