Қуанды, мәз болып, масаттанды. ~ Расында өзгермейтін нəрсе жоқ-ау өзі… Кешегі тасыған көңілі, жарқыраған жұлдызы бүгін басылып, сөнгелі тұр… Ж.Айм. ~ Көңілі тасып, төбесі көкке жеткендей шалқып, масаттанып жеткен Оспан Лиза шешейдің хабарын естігенде көңілі ортайып қалды. С.Жүн. …тағы назданды, тағы қылымсыды, басқа столдарға көз нұрын жұмсады, басқа столдардан сұқтанған көздердің сәулесін қабылдады, көңілі тасыды, көңілі семірді, бүгінгі кешке риза болды, осы кешті сыйлаған екі жігітке риза болды. Ә.Тар.
